«Жұлдызай-2026» инклюзивті ойындарындағы жетістіктеріміз
28.10.2026
Астанада «Жұлдызай-2026» республикалық ұлттық инклюзивті ойындары өтті. Ақмола облысының құрама командасының құрамында арнайы кешеннің студенттері мен оқушылары бес асық және жеңіл атлетика жарыстарында табандылық, жігер және жеңіске деген ұмтылыс көрсетіп, өз командасын абыроймен қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларымыз келесі нәтижелерге қол жеткізді:
🥇 Яна Зарипова – 1 орын.
🥈 Любовь Дунаева – 2 орын.
🥉 Дарья Генсьор – бес асықтан 3 орын.
🏅 Руслан Трофимов пен Карина Быченко – жеңіл атлетикадан 6-орын.
Бұл дисциплина бойынша 250-ден астам қатысушы бақ сынасты, сондықтан олардың жетістігі ерекше мақтауға лайық!
Біздің студенттеріміздің әрбір жетістігі – еңбекқорлықтың, табандылықтың және өзіне деген сенімділіктің нәтижесі. Біз әрбір қатысушымен мақтанамыз, себебі ең бастысы – тек орындар ғана емес, алға жылжуға, қиындықтарды жеңуге және жаңа биіктерге ұмтылуға деген батылдық!